балабақша, мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен ұстаздарын 2024-2025 оқу жылындағы республикалық «Мағжан оқулары» конкурсына қатысуға шақырады.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығының көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы оқушылардың ой-танымын кеңейту, олардың бойында өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
- Оқу орындары білім алушыларының арасында Мағжан Жұмабаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту,
- жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Мағжан Жұмабаевтың оқуларына қатысатын қатысушы поэзияны сүйетін, оның тақырыбына сай талдай білетін, өлеңді мәнерлеп, көркем оқи алатын талабы болуы шарт.
Талапкер Мағжан Жұмабаевтың бір өлеңін жатқа, мәнерлеп оқиды.
Қатысушы өзін таныстырып, Мағжан Жұмабаевтың бір шығармасын орындап видео форматта қатысушы жұмысын, төлем түбіртегін, қатысушы жайында ақпаратты төменде көрсетілген сілтеме бойынша жолдауы тиіс.
Жұмыс жолдау сілтемесі: https://abyroi.art/magzhan
Конкурстық жұмыстар 13.11.2024 қоса алғанда
Астана уақытымен 20:00 дейін қабылданады.
Конкурсқа жұмыстарды қабылдауға қалған уақыт
Конкурсқа кімдер қатыса алады:
Ескерту:
Конкурстық жұмыстар тек жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша ғана қабылданады. Жұмыстар электронды пошта, WhatsApp арқылы қабылданбайды. Төлем түбіртегінде төлем суммасы, уақыты мен датасы толық әрі анық көрінуі міндетті (Kaspi GOLD түбіртегінің историядағы толық нұсқасы жолдануы тиіс). Бір жұмысты бірнеше рет қайталап жіберуге тиым салынады.
Конкурстық жұмысты қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде орындауға болады. Қатысушы туралы ақпарат қазақ тілінде толтырылса марапат қағазы қазақ тілінде, орыс тілінде толтырылса орыс тілінде беріледі.
Байқауға қатысу ақылы, ерікті түрде жүргізіледі, құны:
Барлық конкурсанттар қатысушы сертификатымен, жеңімпаздар дипломмен марапатталады.
Сонымен қатар барлық оқушылардың жетекшілері мен ата – аналарына алғыс хаттар табысталады.
Конкурсқа 10 оқушыдан жоғары жұмыс жолдаған жетекшілер арнайы Құрмет грамотамен марапатталады.
Қатысушы жұмысын, төлем түбіртегін, қатысушы жайында ақпаратты төменде көрсетілген сілтеме бойынша жолдауы тиіс.
Жұмыс жолдау сілтемесі: https://abyroi.art/magzhan
Төлем жасауға арналған реквизиттер
Байқауға бірнеше қатысушы қатысқалы жатса, барлық қатысушының жетекшісі бір ұстаз немесе барлық қатысушы бір оқу орнынан болса, қатысушылардың жарнасын қосып, бір төлеммен төлеп, бір түбіртек жолдасаңыз болады.
Конкурстық жұмыстар тек жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша ғана қабылданады. Жұмыстар электронды пошта, WhatsApp арқылы қабылданбайды.
“Абырой” ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің KZ30VPY00029365 куәлігімен желілік басылым ретінде тіркелген лицензияға ие. Орталық 4 оқу жылы қатарынан республикалық деңгейде байқаулар ұйымдастырып келеді. 4 жыл ішінде бірнеше мыңнан аса ұстаз біздің марапаттар арқылы аттестациядан сәтті өтуде. Көп оқу орындары біздің марапаттарды жарамды санайды.
Байқаудың толық ережесін жүктеп алу үшін төмендегі жолаққа өзіңіздің Email адресіңізді жазып, Жүктеп алу батырмасын басыңыз.
2024-2025 оқу жылына арналға Республикалық байқаулар.